+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырау қаласында 5 шілдеден бастап автобус жүрмейді

2020 жылғы 4 шілде 22:48
Бөлісіңіз:
Атырау қаласында 5 шілдеден бастап автобус жүрмейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі апталық қатаң шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда демалыс күндері саяжайға баратын автобустар жүретін болды Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады Елордада жаңа автобус бағдары іске қосылды

Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың арнайы қаулысында айтылған.

Қаулыға сәйкес, облыс аумағында қатаң шектеу шаралары 5 шілде сағат 00:00-ден 19 шілде сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Қалалар мен ауылдар арасында автобус қатынасы тоқтайды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік қатынасына, елдімекендерде тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына кешкі сағат 23:00 мен таңғы сағат 06:00 аралығында тыйым салынып отыр.

«Думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай - ақ, отбасылық еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа) және өзге де шаралар өткізілуіне, сағат 10:00-18:00 аралығында шектеу уақытымен қызмет етіп жатқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар, барлық мәдени ошақтар (театрлар, концерттік залдар, музей, көрмелер және т.б.), діни орындар (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагога және т.б.), балалар сауықтыру лагерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалардың коррекциялық кабинеттерінің, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелер, балаларға және ересектерге арналған курстар, фудкорт, банкет залдарының, СПА орталықтар, жаттығу залдары, фитнес орталықтар, спорттық – сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынсын» делінген арнайы құжатта.

Еске сала кетелік, Атырауда демеушілердің қолдауымен дәрі-дәрмек жеткізілетінін хабарлап едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT