Атырау қаласында 17 спорттық нысан пайдалануға берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 17 спорттық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлім етті.

Әкімнің мәліметінше, былтыр облыс орталығында 17 спорттық нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 5 футбол, 2 баскетбол, 6 балалардың ойын алаңы мен 4 воркаут бар.

«Биыл Атырау қаласының маңындағы Томарлы елді мекені мен Геолог шағын ауданында спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы 25 мектепке арналған спорт алаңын, аулаішілік 23 спорттық нысан,​ оның ішінде 1 футбол, 2 баскетбол алаңын​ жаңғырту,​ 6 воркаут, 14 балалар ойын алаңын салу көзделіп отыр» -деді Қайрат Оразбаев.


Соңғы жаңалықтар