Атырау қаласын көгалдандыру аясында тұрғындарға үш мың көшет таратылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қала тұрғындарының әрқайсысы үйеңкі, шетен мен қарағаштың бес көшетін тегін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін тұңғыш рет көшеттердің жергілікті тұрғындарға тегін таратылу акциясы өтті. «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің аумағында сағат 10-нан бастап тұрғындар кезекке тұрды. Тұрғындарға ағаштың үш түрі ұсынылды - үйеңкі, шетен және қарағаш. null

"Ағаштарды алу үшін тұрғындар өздерінің телефон нөмірін және ағаш отырғызылатын мекен-жайын қалдыру керек. Барлығы 5 көшет алып, одан әрі тиісті күтім мен суаруды қамтамасыз етуі қажет. Арнайы құрылған комиссия тұрғындардың іс-әрекеттерінің орындалуын бақылайтын болады", - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының жетекшісі Акесен Ибрагимов.null

Акесен Ибрагимовтың айтуынша, көшеттер Индер ауданынан әкелінген. Жасыл көшеттер әлеуметтік мекемелерде - балабақшалар мен мектептерде отырғызылады, үш мың жас ағаш тегін таратылды.

Айта кетейік, Атырауда екі айлық санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда. Сәуір сенбіліктерінің аясында облыс орталығында жасыл көшеттер отырғызу жоспарланған.

null

Соңғы жаңалықтар