+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданы аралығында пойыз қатынауы мүмкін

2021 жылғы 18 маусым 12:03
Бөлісіңіз:
Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданы аралығында пойыз қатынауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданы арасында пойыз қатынайтын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды Атырау облысында жол құрылысынан 151 кемшілік анықталды Атырауда әйелін ұрып-соққан ер адам 7 күнге қамалды

«Жол Құрманғазы ауданы тұрғындары үшін үлкен мәселе. Өйткені, облыс орталығынан 250 шақырым шалғайда орналасқан. Атырау-Астрахан жолы әлі жөнделіп жатыр. Жолмен өзіміз де жүреміз. Өте қауіпті. Пойыз шығару мәселесін «Жолаушылар тасымалы» компаниясымен бірлесіп қарадық. Бір пойыз шығарып, тексеріп көрді. Кестесін, тоқтайтын жерлерін, қанша адам жүретіндігін байқады. Қазір плацкарт және 2 жалпы вагоны бары бір пойызды күнделікті қатынауға шығару жоспарда бар», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімі Атырау-Құрманғазы пойызын іске қосуға қатысты тиісті қаулыға да қол қойғанын айтты.

«Енді осы айдың 25-інде мәслихаттың сессиясы өтеді. Сессияға осы мәселені шығарамыз. Депутаттар қолдау білдіреді деп үміттенеміз. Қолдау болса ары қарай тиісті жұмыстарды жүргізіп, пойызды жақын арада жолға шығару жоспарымызда тұр», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT