Атырау қаласы маңынан жаңа мәдениет үйі мен агрокешен пайдалануға беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласы маңынан жаңа мәдениет үйі мен агрокешен пайдалануға беріледі. Шаһар басшысы Әлимұхаммед Құттымұратұлы жұмыс сапарымен Қайыршақ ауылдық округіне барып, ондағы екі жаңа нысанның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайыршақ ауылдық округіне жұмыс сапары барысында қала әкімі ауылдың шағын аудандары мен Томарлы, Талғайран, Бесікті, Көктем, Жұлдыз және Жұлдыз-3 ауылдарының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Облыс орталығынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдық округте бүгінгі таңда 12 мыңнан астам адам тұрады. Қазіргі уақытта қалалық және облыстық құрылыс басқармалары 3 мектеп пен 6 балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуде. Осылай мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар өз ауылында тікелей жақын маңдағы ауылдарға бармастан білім ала алады. Бүгінгі күнде Жұлдыз шағын ауданында «ТШО» ЖШС «Ігілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы бойынша 624 орынға арналған орта мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Әкім Шапкат Қалиевтің айтуынша, Қайыршақ ауылдық округіндегі жолдар мәселесі 97% шешіліп, жұмысшыларға 5,7 шақырым автокөлік жолдарын салып бітірмек. Мұнда жалпы ұзындығы 180 шақырым жол салынған. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жалпы ұзындығы 25 шақырым болатын 29 көшеге жарықтандырудың жаңа жүйесін енгізу жоспарлануда.

Бұл ауылдық округте ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жергілікті фермерлер тамшылатып суарып және мемлекеттік субсидияны пайдалана отырып, жылыжайларды ашты. Бүгінгі күні бұл әдіс 330 гектар жерді игеруде. Олардың өнімдері қала нарықтарында төмен бағамен сатылады. Жақын арада «Көктем» ықшам ауданында орналасқан «Дастан» агроөнеркәсіп кешенін ашу жоспарланып отыр. Онда 1000 тонна көкөніс, көкөніс қоймасы, сондай-ақ өнімнің сатылу орны бар. Бұл нысан кәсіпкер Қоныс Ермановтың өз қаражатына салынды.

«Жаңа нысан Қайыршақ ауылдық округінің тұрғындары үшін ғана емес, тұтастай қала үшін де зор маңызға ие. Жергілікті фермерлер өсірген өнімдердің арқасында, қала нарығында жыл бойы жаңа және сапалы өнімдер сатылады. Бұл импортты алмастыруға оң әсер етеді. Тағы бір жақсысы жергілікті өнімдердің бағасы нарықтағы бағадан төмен», - дейді шаһар басшысы Әлимұхаммед Құттұмұратұлы.

Қала әкімінің аралаған келесі нысаны Қайыршақ ауылдық округіндегі жалғыз Томарлы ауылында орналасқан 400 орындық жаңа мәдениет үйі болды. Нысан пайдалануға 100% дайын, оны ашу биылғы жылдың тамызына жоспарланған. Жаңа нысанда 10 қызметкер жұмыс жасауда. Мұнда мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр, мектеп оқушылары мен жергілікті жастар хореография, музыка және актерлік шеберлік сабақтарынан үйірмелерге қатыса алатын болады.

Соңғы жаңалықтар