Атырау қаласы әкімі кубогының иегерлері анықталды

None
None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атырауда қала күніне орай, дзюдодан қала әкімінің кубогына арналған жасөспірімдер арасында ашық қалааралық турнир өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ашық турнирге көрші Ресей елінен, Маңғыстау облысы, БҚО, Ақтөбе облысы және Атырау облысынан 15 команда қатысты.

Сайыстың ашылуында Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттымұрат-ұлы сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Атыраудағы дзюдо спортының дамуына ерекше баға беріп, жақында ғана жоғары деңгейде Парадзюдодан әлем кубогы ұйымдастырылғанын атап өтті.
null
Осындай турнирлердің көптеп өткізілуі бүгінгі Атырау облысында жасалынып жатқан жұмыстың айқын дәлелі екенін жеткізді.

Әкім кубогын және 300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыны Ақтөбе облысының құрамасы еншіледі. Олар жергілікті №1 ОРМБЖМ спортшыларын ақтық сайыста 4:2 есебімен ұтқан болатын. Үшінші орындарды № 4 және №1 спорт мектебінің балуандары бөлісті.

null 

Соңғы жаңалықтар