Атырау қаласы 6 секторға бөлінді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласы күшейтілген карантинге байланысты 6 секторға бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл күшейтілген карантин талабын сақтау үшін қолға алынған. Қала көшелеріндегі 6 секторға 34 мобильді бекет орнатылған.

«Оған 80 қызметкер тартылды. Сондай-ақ, 16 автопатрульде 40 тәртіп сақшысы кезекшілік атқарып жүр. Ал, жаяу патрульдеу бекеттерінің 68 қызметкері тұрғын үй орамдарында бақылау жүргізеді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар