Атырау қалалық әкімдігінде жаңадан құрылған екі бөлімге басшы тағайындалды

None
Фото: Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қалалық әкімдігінде жаңадан құрылған екі бөлімге басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Атырау қалалық әкімдігінде жаңадан 2 бөлім құрылды. Оның бірі – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. Екіншісі – қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Қала әкімінің шешімімен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымына Бақтияр Хамидуллаев тағайындалды.

Бақтияр Жексенбайұлы 1993 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Атырау аграрлы-техникалық колледжін, 2016 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы бастаған. Ал, 2018 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Осы тағайындауға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Ал, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымын Әлібек Мұханбеталиев атқаратын болды.


Әлібек Максимұлы 1984 жылы Атырау қаласында туған. 2005 жылы Атырау мұнай және газ инситутын, 2017 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.

Оның еңбек жолы 2003 жылы басталған. Мемлекеттік қызметте 2020 жылдан бері жұмыс істейді.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы әкімдігінде бірнеше басқарманың атауы өзгеріп, саны азаятынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар