Атырау-Индер жолына полиция көлігі мен үй жануарларының макеті қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау-Индер» тас жолына патрульдік полиция көлігі мен үй жануарларының макеті қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған бағыттағы жолда жүргізушілерді жол-көлік апатынан сақтандыру көзделген.

«Көліктердің жол бойында сиырды қағуы жиілеп баралы. Мәселен, 17 шілдеде таңғы сағат 05:00 шамасында «Атырау-Орал» тас жолымен Алмалы ауылына қарай қозғалған «Ваз-21101» автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қадағаламай, түйеге соғылды. Соққы салдарынан түйе өліп қалған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы кезінде аталған автокөлікті жүргізген 1962 жылғы ер адамды анықтады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Осындай оқиғаның алдын алу үшін департаменттің әкімшілік полиция басқармасы мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Атырау-Индер» бағытындағы тас жолға патрульдік полиция көлігі мен үй жануарларының макетін орнатты. Қазір аталған макеттер үй жануарлары көп жүретін және жол-көлік болуы мүмкін қауіпті учаскелерде тұр.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан жүргізуші қыз қайтыс болғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар