Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімі берілуі мүмкін

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамын Хиуаз Доспанованың есімі берілсін», - делінген Үкіметтің электронды порталында жарияланған қаулы жобасында.

Айта кетсек, Хиуаз Доспанова - (1922-2008) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жалғыз қазақ ұшқышы, штурман-оқ атушы. Қазақстан Республикасының халық қаһарманы. 1922 жылы 15 мамырда Гурьев облысы (Атырау) Ганюшкино ауылында туған. 1940 жылы Орал қаласындағы №1 орта мектебін алтын медальмен бітірген. Ол мектепте оқып жүрген кезде жергілікті аэроклубқа барып, аттестатпен бірге запастағы ұшқыш куәлігін алған. Оның есімі Air Astana әуе компаниясының Embraer 190 лайнеріне берілген.

Авторы: А. Соколов
Соңғы жаңалықтар