«Атырау» футбол клубының бұрынғы директоры 7 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда «Атырау» ФК-ның бұрынғы директоры Арман Үмбетәлиевқа қатысты үкім шықты.

Сот Үмбетәлиевті ҚР ҚК-нің 176-бабында көрсетілген («Өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе жұмсау») қылмысты жасады деп айыптады, оны жалпы режімдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ, ол 4 жыл мерзімде материалдық жауапкершілігі бар қызметтерді атқару құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Бас бостандығынан айыру жазасы 2015 жылғы 26 маусымнан бастап тағайындалды, деп хабарлайды azh.kz.

Сот үкімінің шешімімен Үмбетәлиевтен мемлекет пайдасына 25 млн. 617 мың 526 теңге көлеміндегі шығын мен 768 мың 526 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж алынады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар