«Атырау» футбол клубының бас бапкері отставкаға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық маман Вахид Масудов «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

59 жастағы Масудов командамен жұмыстан еш нәтиже шықпаған соңғ осындай қадамға барған. Команда мүшелері бастапқы төрт турда 4 рет жеңілді. Осындай сәтсіз бастамадан соң «Атырау» клубының басшысы өз еркімен кету жөнінде өтініш беріп, Алматыға кетіп қалған. Клуб басшылығы Масудовтың отставкасын алдымен қабыдағылары келмеді. Содан соң барып бапкердің айтқандарымен келісті.

Қазір «Атырау» клубына жаңа бапкер іздестірілуде. Осы кезде бас бапкер қызметінен үмітті бірнеше адамның есімі аталды. Олардың арасында «Шахтер» мен «Ордабасы» командаларының бұрынғы бапкері Виктор Кумыков та бар.

Соңғы жаңалықтар