Атырау емханалары жоспарлы қабылдауды қайта жалғастырады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының емханалары жоспарлы қабылдауды қайта жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, бұған соңғы он күнде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының азаюы себеп болған.

«Өңірде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығы мен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты 16 тамызда барлық емхананы онлайн жұмыс форматына көшіру туралы шешім қабылданған еді. Дәрігерлер қосымша егу пунктеріне, жылжымалы мобильді бригадаларға, сондай-ақ, «қызыл» аймақтарға жұмылдырылды. Емханалардың көптеген қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қауіпті вируспен ауырды. Соңғы он күнде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны едеуір азайды. Соған байланысты 1 қыркүйектен бастап облыстағы барлық емхана бұрынғы форматта жұмыс істеп, жоспарлы қабылдауды қайта жалғастырады», - дейді Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының емханалары жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар