+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Атырау экологиясын жақсартуға арналған нақты жоспар бар - Нұрлан Ноғаев

2019 жылғы 4 қараша 15:51
Бөлісіңіз:
Атырау экологиясын жақсартуға арналған нақты жоспар бар - Нұрлан Ноғаев

НҰР-СҰЛТАН - АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың экологиясын жақсартуға арналған нақты жоспар бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаһандық проблеманы ешбір мемлекет жалғыз өзі шеше алмайды – сарапшы Италияда климаттың өзгеруі туралы пән мектеп бағдарламасына енгізіледі Еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Атырауды толғандыратын мәселе - экология. Қазіргі таңда сол жағалауда бұрын-соңды болмаған кәріздік тазарту жүйесін іске қосып жатырмыз. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында толығымен аяқталып, іске қосылады. Өздеріңіз білетіндей, Атырау қаласындағы «Сасық сай» 1 500 гектар жерді алып жатыр. Соған сарқынды су төгілмейтін болады. Біздің жоспарымызға сәйкес, оны жою керек», - деді облыс басшысы.

Жаңа кешен іске қосылғаннан кейін пайдаланылған суды уақтылы тазарту мүмкін болады. Бұл алдымен экология үшін маңызды. Лас су топыраққа, жер асты суына, тұтастай экожүйеге зиян. Тазартушы қондырғылар жұмыс процесін жылдамдатады, тазартылған ақпасуды шаруашылық қажеттіліктерге қайтадан пайдалануға мүмкіндік береді.

«Бізде Атыраудың экологиясын жақсартуға арналған нақты жоспар бар. Ең алдымен бұған дейін Атырауда болмаған кәріз суын тазарту кешенін іске қосамыз. Біз бір кешенді салдық, жақын арада екіншісін сала бастаймыз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Қазір қолданыстағы қалалық әкімдіктің теңгеріміндегі «Сасықсай» булану алаңының 476 га аумағын қалпына келтіру үшін ЖСҚ жасалуда (құны – 193,2 млн теңге). Осы тұндырғының 860 гектарын қалпына келтіру мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауыты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп, «TAZALYQ» жобасын қолға алды. Жобалау жұмысы 2020 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деген жоспар бар.

Зауыт қабылдаған меморандумға сәйкес, булану алаңын қалпына келтіру 2020 жылға жоспарланған. Бұл зауыттың экологияға әсерін біраз төмендетеді. Қалалық әкімдік те «Қара квадрат» булану алаңын қалпына келтіру бойынша жоба дайындауда, қаланың оң жақ жағалауындағы нысан жобасының құны – 75,5 млн теңге. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін бітеді.

«Кәріз суы булану алаңына ешқандай тазартудан өтпестен құйылып келді, экологияға өлшеусіз залал келтірді. Жаңа кешен іске қосылғаннан кейін қазіргі қолданыстағы «Сасықсай» жабылады, бұл алаң бірнеше жылдардан бері тұрғындар тарапынан шағым туғызып келген еді. Кәріз суын тазарту кешені пайдалануға берілгеннен кейін ақпасу ағыны булану алаңына келгенше тазартудың толық сатысынан өтеді. Сол арқылы жерасты суы, топырақ, атмосфералық ауа да тазарады», - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Ағын су құрамындағы ластаушы заттарға байланысты екі топқа бөлінеді: консервативті және консервативті емес. Консервативті ластаушылардың химиялық реакцияға түсуі қиын. Кейде биологиялық ыдырау жүрмейді де, оларға ауыр металлдардың тұздары, фенолдар, пестицидтер жатады. Ал, консервативті емес ластаушыларға тәулік ішінде өзгеріске ұшырайтын қосылыстар жатады. Ағын су құрамында сонымен қатар, органикалық емес нысандар, құм, шірінді бөлшектер, кен, бейорганикалық тұздар, қышқылдар мен сілтілер болады. Ағын суды бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар, құрттардың жұмыртқалары және патогенді микроорганизмдер ластайды. Осылар көп мөлшерде жинақталып, қоршаған ортаға ғана емес, тұрғындарға да қауіп туғызады.

Бүгінге дейін осы процестер бақылаусыз келді, бұл жағдайды экологиялық апат деп те айтуға болады. Атыраудағы тазарту ғимараттарына 65 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеді. Биотазарту жүйесі жарамсыз болып қалды. Дұрыс жөндеу жұмысы жасалмады.

Қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту - жергілікті атқарушы органдардың міндеті. Осыған байланысты зиянды заттардың атмосфераға түсуіне мониторинг жүргізу назарға алынып отыр. Жергілікті бюджеттен мониторинг жүргізуге өлшеу құралдарын, автозертхана алуға 172 млн теңге бөлінді.

Бүгінде облыс аумағында ауа райына бақылау жүргізетін 45 станса жұмыс істейді, оның 17-сі облыс аудандарында орналасқан. Атырау қаласында 28 станса бар, оның 20-сы НКОК компаниясына, 4 - АМӨЗ, 7 - «Қазгидромет» РМК Атырау филиалына тиесілі.

Қазір Атырау облыстық әкімдігі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алматылық «Экосервис-С» компаниясымен бірлесіп ауа сапасына онлайн мониторинг жүргізу жүйесін іске қосуды қарастырып жатыр. Жоба аясында облыс орталығындағы ауа ластануының нысаналы көрсеткішін орнату жоспарлануда. Мәліметтер геоақпараттық порталда және қала көшелеріндегі LED экрандарда көрсетіліп тұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT