Атырау дәрігерлері жүкті әйелді босандыру кезінде үш ота жасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қалалық перзентханасының дәрігерлері жүкті әйелді босандыру кезінде үш ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 4 қарашада қалалық перзентханаға жүкті әйел түскен.

«Жүктіліктің 39-шы аптасын өткеріп жүрген әйел ішкі ағзасының ауыратынын айтқан. Дәрігерлер жүкті әйелді жедел ота бөліміне жатқызды. Кесарь тілігі арқылы салмағы 4 келі сәби өмірге келді. Босанған әйелде іріңдеген соқырішек анықталды. Соқырішек ота арқылы алынды. Сондай-ақ, жүкті әйелде кіндік тұсында жарықшақ байқалып, үшінші ота жасалды», - дейді Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзейнеп Дүсіпова.

Оның айтуынша, үш ота жасалған ана мен сәбидің жағдайы тұрақтанған. Олар өздерін жақсы сезінеді. Бала емшек сүтімен қоректенеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Израильден келген дәрігерлер бір күнде сегіз ота жасағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар