USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Атырау балықшыларына арналған кілем Қазнетті күлкіге батырды

2016 жылғы 8 желтоқсан 16:18
Бөлісіңіз:
Атырау балықшыларына арналған кілем Қазнетті күлкіге батырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраудағы балықшыларға арналып мұз үстіне төселген кілем мен дөңгелек ойығы бар шатыр әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Видео Facebook-те жарияланған, деп хабарлайды mgorod.kz.

Әуесқойлар түсірген таспада мұз астынан балық аулау пафос пен мақтаншақтыққа толы іске айналды. Енді атыраулық ағалар едені дөңгелектеліп тесілген шатыр мен мұз қатқан өзеннің үстіне кілем төсеп, мәдениетті түрде балық аулайтын болады.

«Әдемі өмір сүруге ешкім шек қоя алмайды», - деп пікір білдірді желі қолданушылары. Видео авторының білдірген пікіріне қарағанда, осы шатырларда «виски-шик» ұйымдастырылады екен. Видеода балық аулауға дайындық үдерісі түсірілген секілді. Қатысушылардың өздері жоқ, бірақ олардың келулеріне барлығы дайын тұр. Кадрда ер кісі пайда болады. Алайда ол беделі жоғары қонақтарға арналғандай кілемнің үстімен жүрмейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT