Атырау балықшылары 200 келі тартатын алып қортпа аулады
2022 жылғы 19 сәуір 17:25

Атырау балықшылары 200 келі тартатын алып қортпа аулады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау балықшыларының ауына бекіре тұқымдасына жататын алып қортпа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлының айтуынша, бағалы балық бүгін Жайық өзенінің «Кіші Дамбы» тартымында ауланған.

«Мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында 19 сәуірде «Амангелді атындағы» ЖШС-нің балықшылар бригадасы Жайық өзеніндегі «Кіші Дамбы» тартымынан алып қортпаны аулады. Бағалы балықты аулауға «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК-нің қызметкерлері де қатысты. Су маржанының салмағы шамамен 200 келіге жуық. Қазір алып қортпа бекіре балықтарын өсіру зауытына жеткізілді», - деді Аслан Жеңісұлы.


Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда үш көліктен 100 келіден астам бекіре тұқымдас балық табылғанын жазған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT