Атырау: балалардың ішек ауруымен жаппай ауырғандығы жайлы ақпарат жалған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде тараған Атырауда балалар арасында жедел ішек ауруы, диарея көбейді делінген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елдегі коронавирус індетіне байланысты №2 Атырау облыстық ауруханасы «COVID-19» жұқтырған науқастарды ғана емдейді.

Аталған ауруханадағы «Жұқпалы аурумен ауыратын балалар» бөлімшесі уақытша Атырау облыстық балалар ауруханасына эпидемиологиялық стационар ретінде ауыстырылды.
Сол себепті инфекциялық жұқпамен ауырып келген балаларды Атырау облыстық балалар ауруханасы қабылдауда.

Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетовтың айтуынша, биылғы жылдың 1 тамызынан 4 қыркүйекке дейінгі аралықта облыстық балалар ауруханасынан 62 науқас емделіп шықты.
«Өткен жылда дәл осы кезеңде жұқпалы аурумен 208 науқас қабылданған. Биылғы жылы 146 науқасқа азайды. Әлеуметтік желіде балалар арасында диарея тарады деген ақпарат жалған,- деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетов.


Соңғы жаңалықтар