Атырау: Әйелдер колониясы бастығының орынбасары алған пара көлемі белгілі болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда  жалпы режімдегі әйелдер колониясы - УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары ұсталды. Бұл туралы қалалық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/ 11 мекемесі бастығының орынбасары Жаңбырбай Әзизді жазасын өтеп жатқан әйелдің күйеуінен 1,3 млн теңге көлеміндегі ақшаны заңсыз алды деген күдікпен ұстады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 366-бабына («Пара алу») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп мәлімдеді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қылмыстық процессуалды кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар