+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Атырау автобустарында ерікті бақылаушылар мен құпия ревизорлар жүреді

2019 жылғы 9 қазан 16:40
Бөлісіңіз:
Атырау автобустарында ерікті бақылаушылар мен құпия ревизорлар жүреді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау автобустарында ерікті бақылаушылар мен құпия ревизорлар тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда көрші елдерде тіркелген 900-ден астам көлік апатқа ұшыраған - ҚР ІІМ Елорда әкімдігі тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді Қарағанды облысында екі браконьер ұсталды

«11 қазаннан бастап қоғамдық көлікте жүрудің дифференцияланған тарифі енгізіледі. Жұмадан бастап Атырау тұрғындары қолма-қол ақшамен 150 теңге, қолма-қол ақшасыз – 80 теңге төлейді. Бұл жолаушы тасымалын мөлдір етіп, көлеңкелі ақша айналымын жоюға септігін тигізеді. Осыған байланысты, «Smart Qala» ЖШС өкілдері волонтер ретінде қоғамдық көлікке жаңа төлем жүйесін сәтті енгізуге көмектеспек», - деп мәлімдеді Атырау қаласының әкімдігі.

Құпия ревизор болып қоғамдық көліктегі төлем жүйесін тексеремін деген тұрғындарға – есік ашық.

«Билетті қалаған кезде тексеруге болады. Тәртіп бұзылған жағдайды суретке немесе видеоға түсіріп алуға болады. Тіпті жолаушылардың билет алуын сырттай бақылап жүре беруге де болады», - дейді «Smart Qala» ЖШС өкілдері.

Бақылаушы боламын дегендерге тиісті куәлік және автобуста тегін жүру құқығы беріледі. Тексеріс жұмыстарының қорытындылары БАҚ және әлеуметтік желіде жарияланып отырады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам, Заң, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT