Атырау ауруханалары тамызда жоспарлы емдеуді бастайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының ауруханалары тамыз айында жоспарлы емдеу шараларын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, тамыз айының басында Атырау ауруханалары жоспарлы емдеу кезегімен науқастарды қабылдауды жүргізгелі отыр.

«Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен өңірдегі қатерлі ісік, қант диабеті, қан қысымы, жүрек ауруына қатысты жоспарлы ем қабылдауы тиіс науқастар ауруханаларда жатып ем ала бастайды. Бұған дейін олар емханаларға онлайн түрде жазылып, дәрігер бақылауында тұрған еді», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, Атырау облысында карантин режимі 3 тамызға дейін ұзартылған еді.

Соңғы жаңалықтар