Атырау әуежайында мүгедектерге арналған алғашқы лифт орнатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Атырау» халықаралық әуежайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы лифт орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейдің «Чайка Сервис» автомобиль зауытымен лифтіні биыл сәуір айына дейін жеткізу туралы шарт жасалған.

«Атырау» ӘКК» АҚ бастамасы бойынша, басшылық ұшаққа мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды мінгізіп-түсіруге, тасымалдауға арналған амбулаторлық лифт сатып алуға қаражат бөлді. Оны жеткізу туралы «Чайка Сервис» автомобиль зауытымен шарт жасалды. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін береді», - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Атырау» ӘКК» АҚ «АТМА-Атырау әуежайы және тасымалдау» акционерлік қоғамының 50% акциясына ие.



Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар