Атырау әуежайында Хиуаз Доспановаға мемориалдық тақта орнатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау Халықаралық әуежайында ұшқыш, Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Үкімет қаулысымен Атыраудағы Халықаралық әуежайға қазақтың ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілген болатын. Қазір әуежай ғимаратына қаһарман ұшқыштың есімі жазылған. Ал бүгін әуежай алдына орнатылған мемориалдық тақта салтанатты жағдайда ашылды.

«Екінші дүниежүзілік соғыс халқымызға оңай болмады. Миллиондаған боздақ майдан даласында мәңгілікке қалды. Жараланып оралғандар денсаулығын жоғалтты. Соғыста қаақтың қайсар қыздары да ерліктің қайталанбас үлгісін көрсетті. Соның бірі – даңқты ұшқыш Хиуаз Доспанова. Оның әуеден соққы жасаудағы ерлігі еліміздің Халық Қаһарманы атағымен лайықты бағаланды. Биыл Атыраудағы халықаралық әуежай батырдың есімі берілді. Біз әркез даңқты майдангерлеріміздің ерлігін кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, құрмет тұтамыз», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуановтың айтуынша, өңірде даңқты ұшқыштың ерлігін насихаттау қолға алынған. Соның қатарында Хиуаз Доспанова атындағы медаль да бар.


Соңғы жаңалықтар