Атырау әуежайында әйелге оқ атқан полиция қызметкері жұмыстан кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау халықаралық әуежайында әйелдің аяғына абайсызда оқ атып алған полиция сержанты Мәмбетияров атағынан айырылып, жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның тікелей басшысы да лауазымынан босатылды, тағы бірнеше лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифинг кезінде көлік полициясы департаментінің бастығы Аманжол Қабылов айтып берді.

«Атыраудың желілік полиция бөлімінің басшылығына жәбірленуші Наталья Дажукқа қажетті көмек көрсету тапсырылды», - деді А. Қабылов.

Оның айтуынша, қазір Н. Дажуктың жағдайы жақсы, бүгін ол ауруханадан шығарылуы тиіс.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

«Көлік полициясы департаментінің басшылығы болған оқиғаға өкініш білдіреді әрі Н. Дажук ханымға қажетті көмек көрсетілуін өз міндетіне алады», - дейді Аманжол Қабылов.

Еске сала кетейік, 29 наурыз күні Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда полиция қызметкері әйелді байқаусызда аяғынан атып алған болатын.

Соңғы жаңалықтар