Атырау-Астрахан жолының құрылысы қыркүйектің соңында басталады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау-Астрахан жолының құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атыраудан Астраханға дейінгі автожол құрылысының мәселесі Үкімет отырысында көтерілді. Осыдан кейін ол шұғыл түрде Қаржы министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің және жол қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізді. Мұнда «ҚазАвтоЖол» арқылы конкурс өткізу туралы шешім қабылданды. Республикалық бюджеттен 60 км жолдың алғашқы бөлігін салу үшін қаражат бөлінді. Тамыз айының соңында тендер өткізіліп, нәтижесінде 2 мердігер компания анықталды. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс осы айдың соңында басталады», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

Жолдың алғашқы бөлігі Котяевка ауылынан 8-ші разьезге дейінгі аралықта салынады.

Еске салайық, 30 жылдан астам жөндеу көрмеген Атырау - Астрахан бағытының жалпы ұзындығы - 277 шақырымды құрайды.

Соңғы жаңалықтар