Атырау-Астрахан жолындағы көлік апатынан 12 адам зардап шекті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау-Астрахан тас жолындағы көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға Құрманғазы ауданы орталығынан 55 шақырым жерде болған. «Лада Ларгус» және «Тойота Ипсум» екі көлігі соқтығысты. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша алдын ала тергеу басталды. Оқиға туралы басқа мәліметтер жарияланбады», - деп хабарлады Атырау облысының ІІД баспасөз қызметі.

Қалалық жедел жәрдем стансасы оқиға туралы толық ақпарат берді.

«Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі уақтылы жіберілді. Екі адам қаза тапты және 10 адам жарақат алды. 7 жарақат алған жолаушы Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы жеткізілді. Екі науқас санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізілсе, тағы бір зардап шегуші әйел адам амбулаториялық емдеуге жіберілді», - деді қалалық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Г.Таңбаева.

Г.Таңбаеваның айтуынша, біреуі жансақтау бөлімінде жағдайы тұрақты. Тағы бір зардап шегуші нейрохирургия бөліміне орналастырылды, оның да жағдайы тұрақты болды.

Соңғы жаңалықтар