Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Атырау-Астрахань және Атырау-Ақтөбе жолдары көктемнен бастап жөнделеді

2018 жылғы 5 қаңтар 16:25 358
Бөлісіңіз:
Атырау-Астрахань және Атырау-Ақтөбе жолдары көктемнен бастап жөнделеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 2018 жылы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жалғасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ағымдағы жылы облыстық және аудандық маңызы бар 60 шақырым жол жөнделеді деп жоспарланған. Сондай-ақ республикалық маңызы бар Атырау-Астрахань және Атырау -Ақтөбе автомобиль жолдары қайта жөнделеді. Бұл - алдағы көктемге жоспарланған жұмыстар. Қала және қала маңындағы кенттердің 207 көшесінің жолын жаңалау бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 220 шақырымды құрайды»,- деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағы бөлім басшысы Әсет Оразғалиев

2017 жылы өңірде облыстық және аудандық маңызы бар 86 шақырым жол жөнделген. Елді мекендер ішіне 267  шақырым жол төселген 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT