Атырау-Астрахан тасжолының құрылысы мамырда басталады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Қазіргі таңда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тікелей тексерген дайындық және мобилизация жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде 60 шақырым жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджеттен қаржыландырылуда.

«Қазір құрал-жабдықтарды дайындау, ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл айда біз айналма жолдың құрылысын бастауымыз керек. Жұмысқа 106 адам алынды. Олардың 56-сы Құрманғазы ауданынан»,- деді «Сине Мидас Строй «БК»» компаниясының жоба жетекшісі Алтай Қамысбаев.null null

Қазіргі таңда жобаға 30-дан аса техника жұмылдырылған.

«Жолды төсеу жұмыстарын мамыр айынан бастаймыз. Нысанның өзінде бетон өнімдері зауытын, топырақ араластыратын зауыт салуды жоспарлап отырмыз және болашақта қуаты 2,5 мың тонна болатын асфальтбетон зауытын саламыз»,- деп атап өтті Алтай Қамысбаев.null

Кестеге сәйкес, Атырау-Астрахан тасжолының 60 шақырымдық құрылысы 2 жылға жоспарланған. Ағымдағы жылы 23 шақырымын аяқтау жоспарланып отыр. Жұмыстың барлық кезеңі бойынша облыстың 150-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамту көзделген.
Облыс әкімі құрылысшылардың тұрмыс жағдайымен танысты, зауыт құрылысы аймағына барып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.null

«Бұл жолдың құрылысы Елбасының Атырау облысына жасаған сапары кезінде қолдау тапты. Құрылыстың барлық бағыты жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады. Жұмысшылар уақтылы жалақы алады, өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі, құрылыс қауіпсіздік техникасына сәйкес болуы керек. Мәселелер мен үзілістер болмауы керек», - деді Нұрлан Ноғаев.null

Қалған 217 шақырым жолды қалпына келтіру және дамыту Еуропалық банк есебінен жоспарланған. Қазіргі таңда мердігерді анықтау үшін байқау шаралары жүруде. null

Соңғы жаңалықтар