Атырау-Астана бағытындағы ұшақ өртеніп кете жаздады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау-Астана бағытындағы 90 жолаушысы бар ұшақтан түтін шығып, әуежайдың өрт қызметі тілсіз жауды уақтылы ауыздықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эйр Астана» компаниясының Атырау-Астана бағытындағы КС-982 рейсі жерге қонғаннан кейін А320 әуе кемесінің сол жақ қозғалтқышы түтіндеп кетті. Әуежайдың өрт сөндіру бөлімінің күшімен уақтылы іс-шаралар қолға алынып, түтін сөндірілді», - деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігің Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында.

Ұшақта болған 90 жолаушының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар