Атырау-Амстердам бағытындағы ұшақ техникалық себептермен Минскте қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау-Амстердам бағытындағы ұшақ техникалық себептермен Минскте қонды. Бұл туралы AirAstana әуе компаниясынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау-Амстердам бағытында KC903 рейсін орындаған ұшақ техникалық себептермен бүгін сағат 11.31-де Минск қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Ұшақ штатты режімде қонды. КС903 рейсі тоқтатылды. Жолаушылар басқа әуе компаниялармен жеткізіледі», - делінген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар