«Атырау-Алматы» пойызының жолсерігі жұмыс орнында ішімдік ішкен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі жұмыс орнында ішімдік ішкені үшін жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау стансасында «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының 44 жастағы жолсерігі жұмыс орнында ішімдік ішіп ұтсалды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды», - деп атап өтеді департаменттен.

Ведомство мәліметінше, пойызда ішімдік ішіп, қоғамдық тыныштықты бұзатын жолаушылар да кездеседі. Мәселен, «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында мас күйде өзге жолаушыға дөрекі сөз айтқан 29 жастағы әйел полиция бөліміне жеткізілген. Аталған әйелге қатысты ұсақ бұзақылық, алкогольді ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне не талабына бағынбау бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылған. Енді ол жасаған құқық бұзушылықтар үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Ал Петропавл қаласында мас күйде темір жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінде жүрген 31 жастағы әйел теміржол вокзалында орналасқан полиция бөлмесіне жеткізілген.

«Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігімен (қоғамдық орындарға мас күйінде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК, яғни 14585 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кетерлігі, бұл әйелдің құқық бұзушылық жасағаны бірінші рет емес. Бір апта бұрын оны Петропавл қаласының полицейлері дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартқан болатын», - делінген таратылған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар