+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында COVID-19 өршіп тұр

2020 жылғы 4 шілде 11:50
Бөлісіңіз:
Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында COVID-19 өршіп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында COVID-19 өршіп тұр. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған ешкім жоқ Алматыда КВИ жұқтырған 602 медицина қызметкері үстемақы алады Жандарбек Бекшин: Алматыда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. 2020 жылдың 4 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 ауруының 45 719 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні аурудың симпомсыз және жеңіл өтуі 21 819 пациентте байқалады. Аурудың орташа дәрежеде өтуі 23 645 байқалып отыр. 15 276 науқас ауруханадан емделіп шықты. 30 219 науқас ем алып жатыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары арасында байқалады.

«Соңғы тәулікте 1 644 жұқтыру жағдайы тіркелді. Көпшілігі Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының тұрғындары арасында тіркелген. 4 шілдедегі жағдай бойынша ауырған адамдардың жалпы санының 42 пайызы профилактикалық тексеру кезінде анықталған. 37 пайызы байланыста болған адамдардың арасында шықты. 19 пайызы өздігінен жүгіну кезінде және 2 пайызы сырттан келгендердің арасында табылды», - деді Айжан Есмағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT