«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасы болып Нұрлыбек Алтынбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлыбек Алтынбекұлы жоғары білімді. Әр жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан. Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго», «ҚазМұнайГаз» БарлауӨндіру» АҚ секілді жетекші компаниялардың құрылымдарында түрлі басшылық қызметтер атқарған.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жаңа басшысына шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында нақты тапсырма берді. Әкім сондай-ақ, мұнайлы өңірге озық технологиялар әкелу, инвестиция тарту, өнеркәсіп саласындағы ауқымды жобалардың дамуына тың серпін беру қажеттігіне тоқталды.


Соңғы жаңалықтар