Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында геологиялық барлау жүргізуге 5,3 млрд теңге инвестиция салынған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарындағы 4 жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жүргізуге 5,3 млрд теңге инвестиция салынған.

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, Атырау облысыда 118 кен орны орналасқан. Көмірсутекті шикізатты игер мақсатында 78 келісімшарт жасалған.

«Қазір кен орындарында өндірілетін мұнай қоры – шамамен 3,3 млрд тонна. Ал, газ қоры 200 млрд текше метрден асады. Биыл Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында орналасқан 4 жер қойнауы учаскесіне көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізілді. Аукцион қорытындысымен қол қою бонусы шамамен 2,4 млрд теңгені құрап отыр. Бұл бастапқы қол қою бонусынан шамамен 10 есеге артық.

Жақын арада аталған жер қойнауы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Бұл мақсатқа салынған инвестиция көлемі 5,3 млрд теңгені құрады», -деп мәлім етті Болат Ақшолақов.

Энергетика министрінің пікірінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған Жақсартылған модельдік келісімшарт тетігін енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер топтамасы әзірленген. Онда салықтан босату түріндегі реттеушілік және фискалдық преференциялар көзделіп отыр. Заңнамада көрсетілген түзетулер осы жылдың соңына дейін қабылданады.

Бұл жаңа кен орындарын игеруге серпін береді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының ауылдарын газдандыруға 1 млрд теңге бөлінгенін хабарлаған болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/news/atyrau-oblysynyn-auyldaryn-gazdandyruga-1-mlrd-tenge-bolingen_a3966431


Соңғы жаңалықтар