Атырау әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Ринат Бауыржанұлы Джанглишов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Р.Б.Джанглишов 1982 жылы Атырау қаласында туған, білімі – жоғары, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, заңгер мамандығын, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітіріп, экономист мамандығын, 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, мұнай-газ ісі мамандығын алған. Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясында) аға тергеуші болып бастады. 2010 жылдан құрылыс саласындағы жеке кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, 2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау қалалық Мәслихатының хатшысы болды.

Соңғы жаңалықтар