Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Атырау әкімі нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

2019 жылғы 8 наурыз 15:44 634
Бөлісіңіз:
Атырау әкімі нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

АТЫРАУ.  ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі мемлекеттік қызметтегі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.  Мерекелік дастарxанға 300-ге жуық нәзік жандар қатысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ұқсас жаңалықтар
Наурыздан Наурызға дейін: 2018 жылға фото-қорытынды Қазақстанда 21 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

Шарада сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барша қыз- келіншектерге алғысын айтты.

«Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!   Отбасыларыңыздағы жылулықтың сарқылмауын тілеймін.  Мереке құтты болсын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елдің алдына әлеуметтік сала бойынша ауқымды міндеттер қойып отыр.  Соның ішінде әсіресе ана мен бала мәселесіне ерекше назара аударып отыр. Жақында болған «Nur Otan» партиясының  XVIII съезінде  атқарушы билік өкілдеріне, мекеме басшыларына ана мен балаға, көпбалалы аналарға жағдай жасау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда үкімет іс-шаралар жоспарын жасақтап жатыр. Мен өз атымнан осы отырған аналарға, қыз-келіншектерге,   ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздер бүгінге дейін ұрпақ сабақтастығы деген ұғымды берік ұстанып келесіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін»,- деді әкім.

Атырау әкімі нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады 

Мерекелік шарада облыстың дамуына үлес қосқан 20-дан аса қызметкер облыс әкімінің алғыс xатымен марапатталды. 3 анаға Алтын алқа, 4 анаға күміс Алқа төсбелгісі табысталды.

Шара өнер жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.


Атырау әкімі нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады 
Атырау әкімі нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады 
Атырау әкімі нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT