Атырау әкімдігі форум-семинар өткізуден бас тартып, 4 млрд теңге үнемдеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімдігі форум мен семинарларды өткізуден бас тартып, бюджеттің 5 млрд теңгеге жуық қаржысын үнемдеген. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, пандемияға байланысты форумдар мен семинарлар, бұқаралық сипаты басым бағдарламалар қысқартылған. Ал, кейбір шаралардың форматы өзгертілген.

«Біз адамдардың көп шоғырланатын шаралардың бәрінен бас тарттық. Бұдан бюджеттің 4,8 миллиард теңгесі үнемделді. Енді жыл соңына дейін тағы да 900 млн теңгені қысқартуды көздеп отырмыз» -деді жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Оның мәлім етуінше, үнемделген қаржы бірінші кезекте пандемиямен күрес шараларына жұмсалады.

«Бұл мақсатқа 2,3 млрд теңге бөлінді. Соның ішінде 777 млн теңге «Атырау ӘКК» АҚ арқылы азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құруға жұмсалды. Бұдан басқа 1 млрд теңге мектептерді дәретханалармен, бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға бағытталды. Үнемделген қаржыға медициналық жабдықтар сатып алынды. Стационарларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржының бір бөлігіне өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуды жоспарлап отырмыз» -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Бұған дейін Атырау облысында 470 мұғалім жетіспейтінін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар