Атырау әкімдігі 91 метр тұғырдағы тудың түсірілуіне қатысты видеоға түсінік берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының әкімдігі «91 метр тутұғырға орнатылған Ту неліктен жиі алынып тасталады» деген шағымға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласында биіктігі 91 метрлік тутұғыр былтыр желтоқсан айында орнатылған еді.

Әлеуметтік желіде Тудың алынып тасталғаны туралы видео жиі жарияланады. Осыған байланысты Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Техникалық регламентке сәйкес мемлекеттік Ту ашық, бұлтсыз және желсіз ауа райында тәулік бойы тұрақты көтерілуі (орнатылуы, ілінуі) тиіс. Ауа райы қолайсыз күндері (қар, жаңбыр) қатты табиғи жағдайлар, екпінді желдің жылдамдығы 8 м/с және одан жоғары болса, Тудың матасы тутұғырдан алынуы тиіс.

Атырау қаласында 3 тамызда желдің ұйытқу жылдамдығының 41 км/сағатқа дейін жетті. Сол себептен, мердігер мекеме қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан Туды түсіру туралы шешім қабылдады. Туды түсіру кезінде ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір қиындық туындады. Аталған жайтты кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат видеоға түсіріп, бұрмаланып жариялану арқылы әлеуметтік желіде тарады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар