Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг өмірден өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында өмірден өтті. Жыл басында одан коронавирус анықталып, ауруханаға жатқызылған еді. Оның қайтыс болғаны туралы хабар сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лоуренс Харви Зейгер (Ларри Кинг) 1933 жылы Бруклинде еурей отбасында дүниеге келген. Оның әке-шешесі дін ұстанатын жандар болғанымен, өзі өсе келе агностик болды.
Әйгілі тележүргізуші 60 жыл қызмет атқарды. Оның тең жартысына жуық уақыт Си-эн-эн телеарнасында өзінің авторлық бағдарламасын жүргізді.
Кинг әлемге танымал саясаткерлерден, шоу-бизнес жұлдыздарынан, атақты спортшылардан сұхбат алды.
Тікелей эфирде шығатын Larry King Live ток-шоуын дәурендеп тұрған кезінде бір түнде 1,5 миллион көрермен тамашалайтын болған.
Бұл бағдарламаның ең соңғы бөлімі 2010 жылы шықты. Сол мезетте Larry King Live тарихта жүргізушісі ең ұзақ уақыт ауыспаған телебағдарлама ретінде рекорд орнатып, Гиннес рекордтар кітабына енді.
- Brent мұнайының бағасы 70 доллардан асты
- Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды
- Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды
- Чехия коронавирустың тарауы жағынан Еуропада көш бастап тұр
-
Польшада коронавирустың үшінші толқыны басталды
-
Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам