Аты аңызға айналған Пеленің пікірі: Мбаппе екінші Пеле болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал бразилиялық футболшы Пеле France Football-ға берген сұхбатында Килиан Мбаппенің Футбол королінің жетістігінен асып түсуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол он тоғыз жасында, ал мен он жеті жасымда әлем чемпионатын жеңіп алған едім. Көптеген адамдар оның менімен тең екенін айтқанымды әзіл ретінде қабылдады. Бірақ, олай емес. Мен оны жаңа Пеле бола алады деп ойлаймын», - деп атап өтті бразилиялық.

Килиан Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионатын жеңіп алып, турнирдің үздік жас ойыншысы атанды. Мбаппе Францияның екі дүркін чемпионы, Франция лигасы кубогының және Франция кубогының иегері.

Соңғы жаңалықтар