Аты аңызға айналған «Паровоз апа» өмірден озды

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат- Соғыс ардагері Алтынай Есболатова 99 жасында өмірден озды, деп хабарлайды тілшісі.

Ардагер ананың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Талдықорған қалалық әкімдігі растады.

«Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Есімізде мәңгі сақаталады», - деп хабарлады әкімдіктен.

Алтынай Есболатова соңғы бірнеше жылда Алматы облысындағы Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан жалғыз әйел ардагер болды.

Алтынай Есболатова 1921 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген.

Алтынай Жайнаққызы небәрі 18 жасқа толар-толмас шағында соғысқа аттанған. Қару ұстап, ұрыс алаңында жүрмесе де, паровоз жүргізушілері стратегиялық маңызы бар тапсырмалар орындады. Сондықтан, олар майдандағы жауынгерлермен тең саналды. Қаршадай қыз паровоздың оттығына күнде тонналап көмір лақтырды. Эшелонның белгілеген жерге жетуіне аянбай тер төкті. Алтынай апа тізгіндеген отарба Сталинград шайқасына қару-жарақ пен сарбаздарды жеткізіп отырды. Кейін сол Сталинградтан фашист тұтқындарын Мәскеуге тасыды.

9 мамырды Алтынай апа Франкфуртте қарсы алып, үйіне, Алматы облысына 1946 жылы ғана оралған. Онда ол теміржолда жұмыс істеуді жалғастырды.

Ерлігі мен батылдығы үшін Алтынай Есболатова біраз марапаттарға ие болды, оның ішінде І дәрежелі Отан соғысы ордені, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Қырымды азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапаталған.


Соңғы жаңалықтар