Аты аңызға айналған футболшы Буффон қоштасу хатын жазды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған италиялық футболшы, Туриннің «Ювентус» командасының қақпашысы Джанлуиджи Буффон Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерге арналған қоштасу хатын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алты мың бір жүз он бір күн.

Алты мың бір жүз он бір күнге созылған нағыз ыстық сезім. Қуаныш, көз жасы, жеңіліс және жеңіс сезімі.

Рахмет.

Рахмет әрбіріңізге.

Өйткені, менің ақ-қара түспен өткізген өмірімнің әр сәтін ерекше етуге әрқайсыңыз көмектестіңіздер.  Осы түстер үстімдегі теріме, екінші теріме айналды. Оны үстімнен тастамадым, сүйдім, ардақтадым. Мен оны қорғадым, ол мені қорғады. Мен оны жан-тәніммен қорғадым.

Ертең - осы жолдың ақыры. Біз бірге жазған кітаптың соңғы беттері бұл. Кеудемді кернеген қуатты сезім толғандырып барады.  

Жаңа жол басталады. Жаңа кітап. Жаңа өмірге қадам басу қажет. Бұл  «Ювентус» үшін қажет. Ол кез келген футболшыдан да маңызды! Ол өз кітабының жаңа беттерін жаза бермек. Мен ол кітаптың соңы жоқ екеніне сенемін. Өйткені «Ювентустың» тамырында бірегей, теңдессіз, ғаламат команданың қаны ағуда.  «Ювентус» - мерейлі отбасы. Ол - менің отбасым. Оны «өз үйім» деп атаудан шаршамаймын. Өйткені ол маған барын берді. Оның бергені менің еңбегімнен әлдеқайда мол болды.

Жаңа жолдың басталары хақ. Жаңа кітап. Ол басталуы тиіс. Мен болашаққа жаңаша көзбен қарауға тиіспін. Мен өмірдің «ойыннан тыс» қалуды қаламайтын адамдарға жасайтын жаңа ұсыныстарын қабылдаймын...», - деп жазды футболшы.

40 жастағы футболшы кеше «Веронаға» қарсы «Ювентус» сапындағы соңғы кездесуін өткізді. Ол «Пармадан» туриндік клубқа 2001 жылы ауысқан. Ұлттық құрамадағы карьерасын былтыр қарашада аяқтады.

Соңғы жаңалықтар