Аттракциондар паркінде адамдар толы шолу дөңгелегінің кабинасы аударылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиядағы аттракциондар паркінің бірінде ішінде адамдар отырған шолу дөңгелегінің кабинасы аударылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Джакарта қаласында Sekaten Night Market жәрмеңкесінде болған, деп жазады The Telegraph.

Аударылған кабинадан анасы мен баласы құлап кеткен. Ақауы бар аттракционда қалып қойған тағы бірнеше адам құтқарушыларды күтпей-ақ, шолу дөңгелегінің құрылымынан ұстап түсе бастаған.

Куәгердің айтуынша, дөңгелек кенеттен басқа бағытқа айналған.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Апатты кабинада қалып қойған өзге адамдарды парк қызметкерлері мен құтқарушылар жерге түсірген. 

Соңғы жаңалықтар