+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Аттестациядан өтпеген атом энергиясын пайдалану қызметкерлеріне қайта тапсыру құқы берілмек

2020 жылғы 23 қаңтар 16:05
Бөлісіңіз:
Аттестациядан өтпеген атом энергиясын пайдалану қызметкерлеріне қайта тапсыру құқы берілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның барлық өңірінде белсенді өмір сүру орталығы ашылады Қазақстанның 3 қаласында Сот сараптамалары институттарының ғимараты салынады Биыл Қазақстанда «Е-saraptama» ақпараттық жүйесі іске қосылады

Аталған заң жобасын таныстырған ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы» қолданыстағы заң 1998 жылы қабылданған. Сондықтан оның өзіндік ерекшеліктері бар.

«Біз қазір түрлі тұжырымда түсіндірілетін барлық мәселені, айталық «радиациялық қауіпсіздіктің», «радиациялық құрылғының» не екенін нақтылайтын боламыз», - деді ол.

Вице-министр халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерінің ара-жігін ажырату қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын атом энергиясын пайдалану нысандарының зиянды әсерінен қорғау тиімділігін арттыруға ықпал ететіндігін айтты.

«Бұл мәселеде түрлі қайшылықтар болды. Әсіресе Денсаулық сақтау министрлігімен мәселелер туындады. Сонымен қатар қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылуына байланысты экологиялық мәселелер туындайды. Қазір біз бұл мәселелерде нақты градация жүргіземіз. Атом энергиясын пайдалану нысандарында жұмыс істейтін қызметкерлердің қайтадан аттестациядан өтуі бөлігінде өзгерістер енгіземіз. Қолданыстағы заңнамада егер қызметкер аттестациядан өте алмаса онда оның жұмыстан шеттетілетіндігі, жұмыс істеуге құқы жоқтығы жазылған. Көптеген салада аттестацияны қайта тапсыруға құқық берілген. Сондықтан бұл жерде де қайта аттестациядан өтуге құқық беріледі», - деді Сұңғат Есімханов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT