Аттестациядан кейін лауазымынан босаған полиция басшылары қайда кетті – ІІМ жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазымынан босаған полиция басшылары турлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың кәсіби дағдысы зерттелді. Біз бұған дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру секілді амалдардан бас тартып, ең соңғы сөзді сұхбаттасуға қалдырдық. Демек, басшылардың қойылған талаптарға сәйкес еместігі айқындалып, лауазымдарынан босатылды», - деді Алексей Калайчиди ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ орынбасарының айтуынша, жалпы 81 басшылық қызмет жаңартылған.

«Ішкі істер министрлігі терең реформаны бастаған кезде жұмыс нәтижесін бағалау дәрежесі қайта қаралатынын жария еткен болатын. Бұрын басшылардан құқықтық статистика талап етілген еді. Яғни, олар бұрын қанша қылмыс жасалғанын, қаншасы ашылғанын, қаншасы сотқа жолданғанын айтып, есеп беретін. Ал қазір біз негізгі талапты – халықтың бағалауымен есептейміз. Екіншіден, басшылар жергілікті халықтың негізгі мәселелерін дөп басып, бірлесе ортақ шешімді табуы тиіс. Үшіншіден, сервистік модель, яғни ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс», - деді ол.

Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босап қалған полиция басшылары қайда кеткенін түсіндірді.

«Жалпы, олар өз саласында сұранысқа ие мамандар. Жеке секторға заңгер ретінде кеткені де бар. Жалпы, персоналмен қызмет ету, қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды қажет ететін кәсіпорындар бізде жетерлік», - Алексей Калайчиди.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлерді кезектен тыс аттестациялаудың қорытындысын жариялаған болатын. Аттестация қорытындысы бойынша бірінші басшылардың 60 пайызы ауысқан.

Соңғы жаңалықтар