Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Қазақстанға келеді

None
Фото: iaea.org
АСТАНА. ҚазАқпарат – 18 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси Қазақстанға келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді. Сапар барысында Мемлекет басшысымен, ҚР Сыртқы істер, Энергетика және Денсаулық сақтау министрлерімен кездеседі, сондай-ақ Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан агенттіктің аз байытылған уран банкіне барады», - деп мәлім етті ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол сонымен бірге қазақстандық делегация 18-19 сәуір аралығында Женевада өтетін БҰҰ-ның Еуропалық экономика комиссиясының 70-ші сессиясына қатысатынын айтты.

Жиынның тақырыбы – Еуропалық экономикалық комиссия өңіріндегі орнықты даму мүддесі үшін цифрлық және жасыл трансформация.


Соңғы жаңалықтар