Атом энергетикасын дамыту үшін Қазақстанға ұлттық бағдарлама қажет - ғалым Жасұлан Шаймарданов

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Жасұлан Шаймарданов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында атом энергетикасы жайлы жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік көшбасшылықты сақтау үшін ел экономикасының құрамдас бөлігі ретінде атом энергетикасының жоғары маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, Орталық Азияның энергия жүйесіндегі таяудағы іркілістер оның жұмыс істеу сенімділігін арттыру, ал Орталық Азия елдері үшін – энергиямен қамтамасыз етуді жақсарту және энергия қауіпсіздігін нығайту қажеттігін көрсетті. Шешім жаңа қуатты генерациялау көздерінің пайда болуымен ғана байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы елдері сияқты таза энергия әлеуетін арттыруға бағытталған», - деді ол.

Ғалымның айтуынша, еліміздегі АЭС құрылысы бойынша қоғамда қызу пікірталас туған. Көпшілікті қауіпсіздік, экология және даярланған персоналдың болуы мәселелері толғандырады.

«Біріншіден, қазіргі уақытта атом саласында бұрын Фукусима, Чернобыль АЭС және басқа станциялардағы авариялармен байланысты жағдайларды жою бойынша бірегей тәжірибе жинақталған. Екіншіден, әлемде реакторлардың конструктивтік жағынан ғана емес, қуат спектрі, жылу тасымалдағыштар, ядролық отын бойынша да ерекшеленетін бірқатар модельдері әзірленді. Атом энергетикасында сөзсіз көшбасшылар Ресей, Қытай, Франция. Үшіншіден, атом электр станцияларын салу қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қатаң нормаларын сақтау мақсатында Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік тарапынан қадағаланады. Ядролық қауіпсіздік – бір елдің міндеті емес, мұны бүкіл әлем түсінеді. Жалпы елімізге атом энергетикасын дамыту үшін ұлттық бағдарлама қажет», - деді Жасұлан Шаймарданов.

Оның сөзінше, атом энергетикасын дамытуға Қазақстанның әлеуеті жеткілікті. Бұл үшін барлық қажетті ресурстар бар.


Соңғы жаңалықтар