«Atlas Global» әуе компаниясының ұшақтары Қарағандыдан Ыстанбұлға ұшатын болады
2017 жылғы 10 қаңтар 16:29

«Atlas Global» әуе компаниясының ұшақтары Қарағандыдан Ыстанбұлға ұшатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Atlas Global» әуе компаниясының ұшақтары 2017 жылдың 15 наурызынан бастап Қарағандыдан Ыстанбұлға ұшады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғалиге сілтеме жасап.

«Atlas Global» әуе компаниясыының Қазақстандағы өкілі Marzhan Mustafinaның ақпаратына сүйенсек, 2017 жылдың 15 наурызынан бастап Қарағандыдан Ыстанбұлға аптасына екі рет тұрақты рейстер ұшырылады», - деп мәлімдеді Марат Иғали әлеуметтік желіде.

Атап өтейік, Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайынан «Эйр Астана», «Тұлпар Авиа Сервис» (Қазақстан), «Россия», «Трансаэро», «Домодедовские авиалинии» (Ресей), «Turkish Airlines» (Түркия) және басқа да әуе компаниялары арқылы Қазақстан, Ресей, Германия, Түркия елдеріне ішкі рейстер де, сондай-ақ халықаралық әуе рейстері де жүргізіліп келеді.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT