Atlantic Cup: «Астана» «Брондбю» командасын жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Астана» Португалияда өтіп жатқан халықаралық «Atlantic Cup» турнирінде Данияның «Брондбю» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, «Астана» А тобында ойнады. Алғашқы турда елордалық клуб Данияның «Копенгаген» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді.

«Брондбю» 1964 жылы құрылған. Содан бері өз елінің 10 мәрте чемпионы атанып үлгерді. Аталмыш клуб еурокубок ойындарына тұрақты қатысып келеді.

Бүгінгі кездесуде қос команда бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. Дегенмен көп сәтте көздеген нысанадан мүлт кетіп жатты. Есепті 29-минутта «Астана» ойыншысы Мрин Томасов соқты. Бұдан кейін даниялықтар таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Олар бұл мүмкіндікке 45-минутта қол жеткізді. Оны «Брондбю» сапынан Михаэль Ухре орындады.

Екінші кезеңде де «Астана» тағы да шабуыл шебінде жиі бой көрсетті. Осындай сәттердің бірінде 56-минутта Марин Томасов тағы да мергендік танытты. Ойында «Астана» қарсыласынан 2:1 есебімен ұтты.

Бүгін А тобындағы тағы бір кездесуде Швецияның «Норрчепинг» клубы Данияның «Копенгаген» командасынан пенальтиден 1:0 есебімен басым түсті.




Соңғы жаңалықтар