«Атилланы» биылғы жылдың мәдени оқиғасы деп айтар едім - депутат А.Смайыл

None
None
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биыл елордадағы «Астана-Опера» театрында алғаш рет өткен әлем классигі Джузеппе Вердидің «Атилла» қойылымын мен ерекше мәдени оқиға дер едім. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл осылай айтты.

«Себебі ғаламдық тұрғыда «Атилла» опералық шығармалардың шыңы болып саналады. Аталған туынды сонау өткен ғасырлардан бері қарай әлемнің барлық елдерінде қойылып келеді. Бұған дейін оны тек Қазақстан ғана өз сахнасына шығармаған болатын. Мен осы мәселені екі рет көтеріп, Үкімет басшысына депутаттық сауал да жолдадым. Мәдениет министрлігіне де жаздық. Өйткені бұл - біздің тарихымыз. Жай ғана тарих емес, дүние жүзі санасқан тарих. Атилла - біздің әскери-саяси тұлғамыз. Бүгінде оны барша әлем мойындап отыр. Әйтпесе, Джузеппе Верди сияқты танымал композитор «Атилланы» жазбайтын еді. Соны біз қазақ сахнасына әкеліп қойдық», - дейді А.Смайыл.

Соңғы жаңалықтар